Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екінші клипіне де Жұлдызды түсірген Айқынды жұрт аяусыз сынап тастады (видео)

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын дуэт орындап, клип түсірген Айқын мен Жұлдыз тағы да елдің қызу талқысына түсті. Жаңа бейнебаянына екінші мәрте Жұлдызды түсірген әншіні желі қолданушылары аяусыз сынға алған деп жазады NUR.KZ.

Айқын бұл жолы Жеті, De lacure лақап атымен танылған жігіттермен ән орындаған. Ал "Жүрегім ақ" әнінің клипіне бас кейіпкер ретінде Жұлдыз Өмірғалиді таңдапты.

Елдің қызу талқысына түскен әннің сөзін Қайрат Нұртас пен Назерке Семей жазған.

Бірде әнші жұбайының клипінде рэп орындап, екінші бейнебаянда бас кейіпкеріне айналған Жұлдыз Өмірғалиға желідегілер ауыр сөзді қарша боратқан.

"Айқынның әндерін жақсы көргеніммен, Әсел есіме түсіп кетеді", "Сен "ах-пах" деп жүргенде, Әсел де өз бақыт тауып кетсе ғой", "Тоқалдардың тайраңдап жүретін заманы болды ғой".
"Айқынды бұрын ұнататын едім", "Әдемі қыз көп. Әрқайсысына ғашық болып, үйлене берсе не болды? Ең бірінші орында отбасы тұру керек", "Бірінші әйелін бір клипке зорға түсіріп еді" деп желідегілер түрлі пікірлерін жаудырған.

Айта кетейік, желіге жүктелгеніне 2 сағат өткен бейнебаян аз уақытта 8000 қаралым жинап үлгеріпті.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын Төлепбергеннің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1777925-ekinsi-klipine-de-zldyzdy-tsirgen-ajkyndy-zrt-aausyz-synap-tastady-video/

pixel