RU

Мейрамбек Бесбаев осы уақытқа дейін бірде-бір бейнебаян түсірмеген

Көпшілікке қоңыр үнімен танылған Мейрамбек Бесбаев осы уақытқа дейін бірде-бір клип түсірмеген. Көпішіліктің сүйікті әншісі бейнебаян түсіруді армандайтынын жасырмай айтып берді деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Жеке бейнебаян менде жоқ. Түсірмегенмін. "Музартпен" бар ғой Құдайға шүкір. Жеке клип түсіру ойда жоқ. Бірақ бір әніме клип түсіруді армандаймын. Қашан реті келетінін бір Құдай біледі. "Өмір өтіп зырғып ағып" деген әніме түсірсем деймін.
Ол өлеңнің сөздерінің өзі айтып тұр ғой. Сондықтан шала дүние жасауға болмайды. Сол төрт минутқа үлкен сюжет сыйдырсам ғой деймін. Сосын мен клипке жастарды емес, үлкен өмір көрген адамды түсірсем", - дейді Мейрамбек Бесбаев.

Айта кетейік, жақында ғана Ернар Айдар мен Мейрамбек Бесбаевтың түсірген "Мен сені ұмытпаймын" деген клипі аз уақытта екі млн қаралым жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, отандық әншілердің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1778056-mejrambek-besbaev-osy-uakytka-dejin-birde-bir-bejnebaan-tsirmegen/