RU

Бүркіт пен Аиша алғаш рет қызын көрсетті (фото)

Бір жыл бойы кенже қызын көрсетпей келген Бүркіт пен Аиша оқырмандарын таңғалдырды. Тіл мен көзден сақтануды жөн көретін жұлдызды отбасы қыздары Сафияны алғаш рет көпшілікке көрсеткен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Кенже қызының суретін Бүркіт өзінің Instagram парақшасында жария еткен.

Желідегілер Сафияның түрін көре сала, оның кімге қатты ұқсайтынын жарыса жазуға кіріскен.

Бірі бүлдіршінді әкесінен айнымай қалғанын айтса, енді бірі керісінше анасына ұқсатқан.

Айта кетейік, қазіргі таңда жұлдызды отбасы Индонезиядағы Бали аралында демалып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1778133-brkit-pen-aisa-algas-ret-kyzyn-krsetti-foto/