RU

"Кешьюдің қыздары бұйырмады": Асхат Тарғын сынға қалған жазбасын түсіндірді

"Кешью" қыздары жайлы әзіл айтқан Асхат Тарғын жұрттың қызу талқысына түсті. Әнші көпшілікке өз жазбасының тек әзіл екенін түсіндіруге тырысқан деп жазады "Хит-ТВ" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атышулы топтың сылқымдарына бойдақ кезде қол жеткізе алмағанын айтып, өкініш білдірген әнші өз пікірінің осылай таралып кетерін білмеген.

"Жоқ. Құда түсейін деп жатқаным жоқ. Жай ғана әзіл. Кеше ғана Ақбота Нұр қарындасым, Айқын мен Жұлдызбен, күйеуі Дәуренмен түскен суретін жүктеген. Айқын да, Дәурен де өмірде араласып жүрген жігіттер. Сәлемім түзу. Мен әзіл ретінде жаздым.
Жазбамның астында "әзіл" деген жазу болатын. Осыған қарамастан адамдар түрлі пікір білдіріп жатыр. Ол жазбаны әйелім де көрді. Күлді де қойды", - дейді Асхат Тарғын.

Естеріңізге сала кетейік, Асхат Тарғынның "Кешью" қыздарына қолы жетпегенін айтып, өкініш білдірген жазбасы желіге тарап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1778880-kesudi-kyzdary-bjyrmady-ashat-targyn-synga-kalgan-zazbasyn-tsindirdi/