"Жылайды жүрек" әнін орындаған жігіт жұртты жылатты (видео)
Опубликовано:
Нұржан Керменбаевтың CoverШЫ Youtube арнасымен қосылып ұйымдастырған конкурсының финалына көзі көрмейтін жігіт өтті. "Жылайды жүрек" әнін орындаған жігіт талайлардың көзіне жас толтырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал хиттің кавер нұсқасын Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі талантты жастар орындаған.
Алайда Нұрдолда Кенжебек жұрттың назарын ерекше аударған. Оның дерті әнді фортепианода орындауға кедергі келтірмеген.
Конурс жеңімпазы атанып, клип түсіру мүмкіндігіне ие болғандар:
Нұрдолда Кенжебек, Қарағанды
Жұмаев Мейрамбек, Орал
Тоқжұманова Адель, Қарағанды
Айта кетейік, конкурстың финалы 20 ақпан күні сағат 18:30-да Алматыдағы "Hard Rock Café" мекемесінде өтеді.
Толық мағлұмат жобаның парақшасында (сілтеме: https://www.instagram.com/cover_shy/)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1778921-zylajdy-zrek-nin-oryndagan-zigit-zrtty-zylatty-video/