RU

Роза Рымбаева өнер университетінің профессоры атанды (видео)

Роза Рымбаева ҚазҰӨУ профессоры атанды. Әншінің қуанышты жаңалығымен ұлы Әли Оқапов бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мен он жылға жуық уақыт білім алған ҚАЗҰӨУ-де бүгін анам профессор атанды. Айман Қожабекқызы Мұсақожаева мен бүгінгі шеберлік сағатына қатысқан адамдарға алғысым шексіз", - деп жазды Әли Оқапов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, желі қолданушылары Роза Қуанышқызын профессор атануымен жарыса құттықтады.

"Құтты болсын", "Сізге бұл атақты бұрын беру керек еді", "Жарайсыз", "Бұл кісіге атақтың да керегі жоқ", "Әли, сіздің анаңыз ең керемет атақтарға лайықты".
"Елімізде бұл кісіге жететін әнші кемде-кем", "Роза Қуанышқызы қандай атаққа да лайықты" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Роза Рымбаева мен Әли Оқаповтың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779066-roza-rymbaeva-ner-universitetini-professory-atandy-video/