RU

Айқынның бірінші әйелінен туған балалар мен Жұлдыз қандай қарым-қатынаста?

Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйелінен туған балалардың өзімен араласып тұратынын жасырмады. "Кешьюдің" бұрынғы әншісі Айқынның үлкен ұлымен жақсы қарым-қатынаста екенін жеткізді деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айқынның айтуынша, ол бірінші әйелінен туған ұлына бәрін ашып айтады.

"Ол бәрін біледі. Басқа жақта тұрып жатқанымды да. Жұлдызды таниды. Бәрін біледі. Үлкен бала ғой. Жеті жасқа келді. Youtube желісіне кіреді де, қарайды. Балам осындайға барам десе, ешқашан кеудесін қақпаймын. Кім болғысы келсе де, өзімнің көмегімді беремін. "Өнер адамы болмай-ақ қойшы" деп айтпаймын. Адам болса жетеді", - дейді.

Жұлдызда Айқынның үлкен ұлымен жақсы қарым-қатынаста екенін жасырмады.

"Қарым-қатынас дегенде үлкен ұлы мені танып тұрады. Танысқанымызға екі жылдай болып қалды. Жақсы бала. Өзі амандасып, "Қалыңыз қалай?" деп тұрады. Сондай тілтабысқыш. Әңгімесі көп. Қызымен де танысқанмын. Бірақ ол әлі кішкентай ғой. Санжармен ойнайды", - дейді Жұлдыз Өмірғали.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын жақында ғана 37 жасқа толды. Жұлдызды жұп мерейтойда екінші рет ата-ана атанатындарын көпшілікке мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779104-ajkynny-birinsi-jelinen-tugan-balalar-men-zldyz-kandaj-karym-katynasta/