RU

"Қазаққа сай емес": Шашын өріп тастаған Тамара Асардың ұлы ел талқысына түсті

Тамара Асардың ұлы шаш үлгісін өзгертем деп желіде аяусыз сынға ұшырады. Әншінің жалғыз баласы образын түбегейлі ауыстырып, көпшілікті таңғалдырған. Желідегілер оны қаза тапқан америкалық рэп орындаушының стилін көшіріп алды деп болжады деп жазады NUR.KZ.

Оқырмандардың толассыз пікір жазуына эстрада жұлдызының жазбасы себепкер болған.

Тамара Асар баласының түсірілім кезіндегі видеосын жүктеп, оның шаш үлгісіне өзгеріс енгізгенін жеткізіпті.

Оған қоса, Қамбардың да өз парақшасында жаңа образдағы суреттері пайда болған.

Алайда шоу-бизнес жұлдызының ұлы жасаған өзгерістер барша халыққа ұнай қоймаған сыңайлы.

Желідегілер жас жігіттің жаңа образына қатысты екі түрлі ойды ұстанған. Бірі оны жаңашылдық үшін мақтап жатса, енді бірі қазақ жігітіне сай емес деп сынға алды.

"Ойбай, түрін-ай. Не шашамынау?" , "Құрысын, шашын дұрыстап қисын" , "Жас буынның баласы ғой. Жаңа бағыт, жаңа стиль дегендей" , "Тамара ханым сізді қазақтың батыр қызы деп бағалаймын, киім үлгіңіз, сөз саптауыңыз мен үшін үлгі, әр орындаған әніңізді ерекше басқаға ұқсамайтын орындау мәнеріңіз бәрі-бәрі мен үшін керемет! !Бірақ мына ұлыңыздың шаш үлгісі мен үшін бір түрлі ұсқынсыз, қарап қалып "91"-лер тобы елестеді" ,
"Ұлыңызға дереу шаш үлгісін өзгертуге кеңес беріңіз" , "Шашта тұрған ештеңе жоқ. Образ ғой бұл" , "Шашыңа не болған? Қазақ жігітіне сай емес" , "Басына тарақандар қаптап кеткен" , "Америкалық рэперге ұқсап кетті" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779306-kazakka-saj-emes-sasyn-rip-tastagan-tamara-asardy-ly-el-talkysyna-tsti/