Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алланың берген сыйы": Толқын Забирова Димаш жайлы пікірін білдірді

Опубликовано:

Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры, әнші Толқын Забирова танымал жұлдыз Димаш Құдайберген жайлы өз пікірін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Димаш Құдайберген, Толқын Забирова. Фото: КТК арнасы, ankui.kz. Коллаж: NUR.KZ
Димаш Құдайберген, Толқын Забирова. Фото: КТК арнасы, ankui.kz. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Өнер иесі Димаштай шәкірт тәрбиелеу үшін ұстаздардың да білімді болуы керектігін алға тартты.

"Димаш - Алланың  берген сыйы. Біз Димаш секілді жастарды тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін тәрбие, білім беретін ұстаздардың өзі білімді болуы керек.

Барлығы мәдениет пен өнерге келіп тіреледі. Қазақстанды басқа ел мәдениет пен спорт арқылы таниды. Мұны Елбасы да әр сөзінде айтып жүр.

Басқа ел  Бекзат Саттарханов, Серік Сәпиев, Димаш Құдайберген, Роза Рымбаева арқылы Қазақстанды таниды. Сондықтан жастарымыз ұлт пен ұлысқа бөлінбей, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, өздерін жетілдіріп, білімдерін толықтырып, жаңа дүниелерге ұмтылуы керек", - деді Толқын Забирова.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779315-allany-bergen-syjy-tolkyn-zabirova-dimas-zajly-pikirin-bildirdi/

pixel