Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Керменбаев кішкентай ұлының тұсаукесерін өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

"Қап-қарашка" атымен танылған отандық әнші Нұржан Керменбаев кенже баласы Омардың тұсаукесерін өткізді. Бұл жайында "Арнау" тобының әншісі Салтанат Бақаева Instagram парақшасында мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Әнші мен жұбайының, Бақаеваның парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Әнші мен жұбайының, Бақаеваның парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ: Instagram
"Нұржан Керменбаевтың отбасында керемет той. Ұлы Омар бір жасқа толып жатыр. Алла ұзақ ғұмырды нәсіп етсін. Тойларың тойға ұлассын", - деп жазды Салтанат Бақаева.

Әнші ұлының бір жасқа толуына байланысты тұсаукесер тойын өткізген.

Омардың тұсауын Мұхамеджан Тазабек кесіп, сәбиге ақ батасын берді.

"Алла мынау Нұржанұлы Омарды тіл мен көзден, қауіп-қатерден, жаманшылықтан сақтап, қадамын ашық қылсын", - деді Мұхамеджан Тазабек.

Айта кетейік, Нұржан Керменбаевтың екі ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779325-nrzan-kermenbaev-kiskentaj-lyny-tsaukeserin-tkizdi-foto-video/

pixel