RU

Ененің образын сомдаған Гауһар Қаспақова жұртқа жақпай қалған (видео)

Әнші Гауһар Қаспақова NURTV.KZ-тің "Клип Show" бағдарламасына келіп, "Кел билейік" клипіндегі образы үшін сынға қалғанын жасырмай айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші бір бейнебаянда бірнеше рөл ойнаған.

Алайда көпшілікке Гауһар Қаспақованың ене образы ұнамапты.

"Бұл бейнебаянда режиссер бірнеше рөлді ойнатты. Басында мен таңғалғанымда, "өзіңіздің актерлік қабілетіңізді көрсетіңіз" деді. Сатушының рөлін де сомдадым. Пікір білдірушілер арасында "Неге кемпірдің рөлін ойнағансыз? Сіз жассыз ғой", "Сізді мұндай әнге қимаймыз" деп жазғандар бар.
Кей әндерімді тойда орындасам, келіп "көңілді әндер бар ма?" деп сұрайтындар бар. Сондай сәттерде "әттеген-ай" дегенім бар. Сол үшін осындай дүние жасағанмын ғой", - дейді Гауһар Қаспақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779349-eneni-obrazyn-somdagan-gauar-kaspakova-zrtka-zakpaj-kalgan-video/