Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіздің арқаңыз": Жұбайына алғыс айтқан Қайрат Нұртас жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімоваға алғыс білдірген видеосы тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Бейнежазбада әйелін құшақтап отырған Қайрат оған рахметін айтқан.

"Бәрі сіздің арқаңыз ғой. Жігітті төрге сүйрейтін де әйел, көрге сүйрейтін де әйел. Сіз мені төрге сүйрейсіз ғой. Рахмет", -дейді әнші.

Ал Жұлдыз Әбдукәрімова күйеуімен бірге қартайғанда да билеп жүретінін жеткізді.

"Апалар-аталар әр демалыс сайын келіп, билейді екен. Бұйырса, Қайрекең екеуміз сондай боламыз, иә", -деді әншінің жұбайы.

Артынша мәңгілік жұлдыздың өшпеуін тілеген Қайрат Нұртас мойнындағы жұлдызы бар алқасын көрсеткен. Бейнежазбаны тамашалаған жұрт қос ғашыққа бақыт тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779357-sizdi-arkayz-zbajyna-algys-ajtkan-kajrat-nrtas-zrtty-zregin-elziretti/

pixel