Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлын үйлендірген Ақбота Керімбекова алғаш рет әкесін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Жақында келін алғанын айтып, қуанышымен бөліскен Ақбота Керімбекова үлкен ұлының тойынан видео жариялады. Анасының ән салған сәтімен бөліскен әнші өзінің әкесін де жұртқа таныстырды деп жазады NUR.KZ.

Ақботаның Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада әншінің анасы тамылжыта ән салған.

Ал осы әнге құда-құдағилар мен жиылған қонақтар вальс билеп жүр. Олардың арасында келін түсірген әртістің әкесі де бой көрсеткен.

"Ән салып тұрған менің алтын анашым. Бүгінгі той сіздің тойыңыз ғой, жаным-ау. Біржанымызды өсіріп, мінекей осындай бақытқа да жеттіңіз.Той құтты болғай! Балаларымыз бақытты болсын.
Айтпақшы, келесі кезекте құдаларды күтіп жатырған менің әкем Шатырхан. Видеоның ішінде құдағаймен билеп жүрген кісі менің әкем",- деген Керімбекова.

Ал видеоны көрген желі қолданушылары Біржанға бақыт тілеген. Сондай-ақ, олар Ақботаның анасының даусына қатты таң қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779366-lyn-jlendirgen-akbota-kerimbekova-algas-ret-kesin-krsetti-video/

pixel