RU

Сахнада Дұғалованың әнін орындаған жігіт елдің ішек-сілесін қатырды

Әлеуметтік желіде Жанар Дұғалованың "Ізін көрем" әнін орындаған жігіттің видеосы тарап кетті. Жұрт cахнада тізерлеп отырып, әндеткен жасөспірімнің бұл әрекетін сынап тастаған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Бейнежазба желіде бірер күннің ішінде тарап кеткен. Онда ұлттық киім киген жігіт Жанар Дұғалованың орындауындағы "Ізін көрем" әнін айтқан. Оның образға кіргені соншалық, тіпті, сахнада тізерлеп те отырған екен.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әнді тыңдап, көңілдері көтеріліп қалғандарын айтқан.

"Ұялмаған әнші болады", "Дұғалова көріп, жылап жіберген шығар", "Бізді жақсылап күлдіртті-ау. Әнші болғысы келіп жүр-ау", "Әділ қазылар қашып кеткен бе?", "Адамдар бар ма, өзі?" деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779406-sahnada-dgalovany-nin-oryndagan-zigit-eldi-isek-silesin-katyrdy/