RU

Олигархтардың әйелдерімен кездескен Бурак Озчивит екі сағатта $379 мың тапты (видео)

Танымал түрік актері және модель Бурак Озчивит өзбекстандық бай-бағландардың жұбайлары, кәсіпкер әйелдер және модельдермен кездесу өткізіп, екі жарым сағатта 379 мың доллар тапты. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жергілікті БАҚ актерді Ташкентке табынушаларымен кездесуге шақырғанын жазды. Rusturkey.com порталы Озчивит танымал тұлғалармен өтетін 2,5-сағаттық банкетке келгенін хабарлады.

Түрік актері өзбекстандық режиссерлермен жаңа телехикаяға түсу мәселесін талқылап, жас актерлерге мастер-класс өткізді.

Актер Ташкент қаласында қатысқан шаралардың суреттерін әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеген.

Айта кетейік, актер "Өшпес махаббат", "Бозторғай", "Сұлтан Сүлеймен" телехикаяларындағы рөлдерімен белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779424-oligarhtardy-jelderimen-kezdesken-burak-ozcivit-eki-sagatta-379-my-tapty-video/