Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуленің сүйіктісі ұсыныс жасамас бұрын Бақытбек Есентаевтан барып бата алған

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек алғаш рет әкесі мен болашақ күйеуінің қарым-қатынасы жайлы айтып берді. Анықталғандай, күйеуіжігіт сүйіктісіне үйленуге батасын алу үшін Бақытбек Есентаевқа арнайы барған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Танымал продюсердің қызы бұрын-соңды ешкімге айтпаған тың мәліметтермен өзінің Youtube каналында бөліскен. Оқырмандарының ең жиі қоятын сұрақтарына жауап берген Айсәуле әкесі мен сүйіктісі жайлы да бар шындықты жайып салды.

"Көпшілік менен болашақ күйеуім менің әкеммен таныс па деп жиі сұрайды. Олар бір-бірін біледі. Олардың қарым-қатынастары өте жақсы. Олар шамамен, осыдан бес жыл бұрын танысқан. Себебі, мен ата-анамнан ешқашан ештеңе жасырған емеспін. Керісінше, мен ол кезде үйленуді жоспарлап жүрмесем де, олардың танысқанына қатты қуандым.
Оған қоса, айта кеткім келіп тұр. Әлішер маған ұсыныс жасамас бұрын, арнайы менің әкеме барып оның батасын алған. Бұл туралы мен еш жерде айтпаған шығармын" , - деді Айсәуле Бақытбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779585-ajsuleni-sjiktisi-synys-zasamas-bryn-bakytbek-esentaevtan-baryp-bata-algan/

pixel