RU

Өзін екінші Алсуға теңеген Сиви Махмуди тәтті дауысымен мақтанды

Сиви Махмуди өзінің ән айту қабілетіне сын айтатындарға жауап берді. Әнші "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында өзін "Екінші Алсуға" теңеді деп жазады NUR.KZ.

Сиви Махмуди, Алсу. Фото:JULDYZ.KZ,muz-tv.ru. Коллаж: NUR.KZ
Сиви Махмуди, Алсу. Фото:JULDYZ.KZ,muz-tv.ru. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Сахнада жүргеніне 15 жылдан асқан әнші өзін ресейлік жұлдызбен салыстырған.

"Тәтті дауысым бар. "Екінші біздің Алсусың" дейді. Қырғын диапозонның керегі емес деп ойлаймын. Мысалы, Ресей елінде көбісінің диапозоны мықты емес. Дауысы кішкентай болса да, өзіндік стилі бар да. Соны жеткізе білу. Сол сияқты менің өзімнің дауысым бар деп ойлаймын. Өзіндік стилім бар", - дейді Сиви Махмуди.

Сондай-ақ әнші алдағы уақытта інісі Марсельмен бірге түсірген клипін көпшілікке ұсынбақшы.

"Менен артық айтпаса, кем айтпайды. "Менен де күшті айтады" дей аламын. Өзіндік тембрі өзгеше. Жүрегі бар. Бойында таланты бар, қызығушылық танытады. Еліктейді. Бірақ шоу-бизнес әлеміне кірмейді деп ойлаймын. Өзі де "Өнерге кірмеймін. Бұл уақытша. Жас кезде, бойымда талант бар кезде айтып алайын" деп айтады", - дейді ағынан жарылған әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779588-zin-ekinsi-alsuga-teegen-sivi-mahmudi-ttti-dauysymen-maktandy/