Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағым Мұхитденова өнер академиясында басшы қызметін атқармақшы

Опубликовано:

Бағым Мұхитденова Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы эстрада өнері факультетінің деканы атанды. Продюсердің сіңлісі мемлекеттік қызметке орналасқаны жайлы "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Бағым Мұхитденованың айтуынша, ол 2008 жылдан бері осы білім ордасында сабақ береді екен.

"Мен осы жерде 2008 жылдан бері сабақ беремін. Бұрын бөлім меңгерушісі болатынмын. Кейін докторантураға тапсырдым. Өздеріңіз білесіздер, оқуға түскен адам басшылық қызмет атқара алмайды. Сондықтан өз қызметімнен кетіп, толық емес жұмыс кестесімен сабақ бердім. Ал оқуымды бітірген бойда, мені декан қызметіне тағайындады", - деп ағынан жарылды Бағым Мұхитденова.

Сондай-ақ продюсердің сіңлісі орталықтағы қызметін де қатар алып жүргенін жеткізді.

"Ештеңе өзгермейді. Себебі мен эстарада өнері факультетінің деканымын ғой. Орталықтағы жұмыс секілді. Тек бұл жерде құжаттар мен жауапкершілік көп. Ал қалғаны емтихандар мен концерттер. Мен продюсерлік орталықтағы жұмысым мен бұл жердегі жұмысты қатар алып жүремін", - деді Бағым Мұхитденова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779671-bagym-mhitdenova-ner-akademiasynda-bassy-kyzmetin-atkarmaksy/

pixel