RU

"Ештеңеге жарамаймын": Мақпал Жүнісова демеуші азаматтың бетін қайтарды

Отандық радиолардың бірінде Мейрамбек Беспаевпен бірге тікелей эфирде сұхбат берген Мақпал Жүнісова өз әзілімен жұртты күлкіге қарық қылды. Әнші бұл видеосын өзінің Instagram парақшасына жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісінің айтуынша, Мейрамбек Беспаев пен Мақпал Жүнісованың жаңа әніне бейнебаян түсіргісі келген азамат бар екен.

Ол әншілерге клипті тегін түсіріп беруге, яғни, демеуші болуға ниеттеніп отырған көрінеді.

Бұл ұсынысты естіген Беспаев бірден ниеті жақсы адамдардың барына қуанып кеткен. Ал Мақпал Жүнісова сол жерде әңгімені қалжыңға айналдырып жіберіпті.

"Түсіріп берген соң артымыздан қалмай жүрмей ме? Ғашық болып қала ма деп қорқамын. Қазір жасым келді ғой. Бетім жылтырап тұрғанмен, ештеңеге жарамаймын. Шай құйып бергеннен басқа дым жоқ", - деді әнші.

Бұл әзілді естіген Мейрамбек Беспаев әпкесінің жақсы әзілдесетінін айтып, жүргізуші Жасұлан Қалимен бірге күлкісін тия алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779777-esteege-zaramajmyn-makpal-znisova-demeusi-azamatty-betin-kajtardy/