Монах әйел және бір қолды скрипкашы: Димаш пен Данэлияның қарсыластары кімдер?
Опубликовано:
Димаш Құдайберген мен Данэлия Тулешованың "The World's Вest" байқауында кіммен бақ сынасатыны белгілі болды. Қазақстандық әнші жігіт монах әйелмен, ал дарынды жеткіншек бір қолды скрипкашы қызбен жарысады деп жазады NUR.KZ.

Қазақстандықтар өнер көрсететін бағдарлама 21 ақпанда көрсетіледі.
Italy4.me ақпаратынша, 30 жастағы монах әйел Кристина Италияда туылып, "Voice of Italy" байқауын жеңіп алған.
Осы жеңісінің арқасында Universal Records Кристинамен келісімшартқа отырған.
Америкалық байқауда монах әйел Lady Gaga-ның әндерінің біреуін орындайды.
Данэлияның қарсыласы жапондық Манами Ито жол апаты салдарынан қолынан айырылған. Алайда талантты ару бұл ауыртпалыққа қарамастан, музыкамен айналысуын жалғастырыпты.
Сонымен қатар, бойжеткен спортпен шұғылданып, паралимпиадалық ойындарға қатысқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779793-monah-jel-zne-bir-koldy-skripkasy-dimas-pen-daneliany-karsylastary-kimder/