Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл - мәңгүрттік": Жолжақсынов қос тілде түсірілетін отандық фильмдерге шүйлікті

Опубликовано:

Елімізге танымал кинорежиссер, театр актері Досхан Жолжақсынов қазақстандық фильмдерге көңілі толмайтынын ашып айтты. Халық әртісі қазақ тілі мен орыс тілін шұбарландырып, қалтасын қалыңдатқандарды қатаң сынға алды деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Досхан Жолжақсынов. Фото:juldyz.kz
Досхан Жолжақсынов. Фото:juldyz.kz: Instagram
"Қытықтап күлдіретіндер орысша қосқанына мәз. Бұл - мәңгүрттік. Дені сау адамның ісі емес. Күлдірсең тиянақты оқиға мен тіліңмен жылат. Қолыңнан келмей, сегіз қазақшаңа 12 орысша қосып күлдірем десең, сен онда - сайқымазақсың", - дейді Досхан Жолжақсынов.

Халық әртісінің бұл пікіріне Азамат Сатыбалды да қолдау білдірді.

"Мүмкіндігінше бір тілде түсіру керек екен. Жүз пайыз қазақша, жүз пайыз орысша деген сияқты. Сенің коммерциялық бағытың, ұстанымыңа байланысты", - дейді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1779894-bl-mgrttik-zolzaksynov-kos-tilde-tsiriletin-otandyk-filmderge-sjlikti/

pixel