RU

CoverШЫ байқауының жеңімпаздары анықталды (фото)

20 ақпан күні Алматыдағы Hard Rock Café мекемесінде #СоverШы байқауы аяқталды. Қазақстанның талантты жастары бақтарын сынап, бас жүлдеге таласты.

CoverШЫ
CoverШЫ: UGC

Естеріңізге сала кетейік, жобаның жетекшілері - Луина, Нұржан Керменбаев пен Зируза. Байқауда осы үш әншінің туындылары орындалған.

Жоба барысында ұйымдастырушылар #CoverШы хештегіне 1500-ге жуық жұмыс келіп түскен.

Конкурсты Beeline Қазақстан ұйымдастырған. Ал жобаның серіктестері: Dala Tunes музыкалық білім беретін портал мен RinGo World музыкалық мектебі, видеопродакшн BVP Studio және NUR.KZ IT компаниясы.

CoverШЫ байқауының жеңімпаздары анықталды (фото, видео)
CoverШЫ байқауының жеңімпаздары анықталды (фото, видео): UGC

Үміткерлердің үздігін Эрик Тастембеков пен Алуа Қонарова, "RinGo" тобының әншісі Әділжан Омаров таңдаған.

CoverШЫ байқауының жеңімпаздары анықталды (фото, видео)
CoverШЫ байқауының жеңімпаздары анықталды (фото, видео): UGC

Конкурстың финалында қатысушылар бір әннен орындаған.

Астаналық Бегулова Адина мен Кудренова Наргиз "Көрермен көзайымы" номинациясына ие болды.

CoverШЫ байқауының жеңімпаздары анықталды (фото, видео)
CoverШЫ байқауының жеңімпаздары анықталды (фото, видео): UGC

Олардың видеосы Youtube арнасында ең көп қаралым жинаған.

Үшінші орын - Қарағандылық "The Montana Rose" тобы

Ал Toque le Roque (ТОК ЛЕ РОК) шығармашылық тобы #CoverШы жобасының жеңімпазы атанды.

Алайда жас жігіттер өз жеңістерін ақтаулық Карина Шайгузоваға табыс еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780037-coversy-bajkauyny-zeimpazdary-anyktaldy-foto/