Димашқа арнап киім тіккен отандық дизайнер Амстердамды бағындырды
Опубликовано:
Димаштың сахналық екі бірдей костюмін тіккен отандық дизайнер Хайролла Әбішев Еуропаны тамсандырды. Отандық сәнгер мен шәкірті Ақбота Тоқтасынова екеуі Жастар жылына арнап "Жастар коллекциясын" Amsterdam Fashion Week сән апталығында көрсеткен деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында Алпамыс Шәрімов өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

"Димаштың этно киімдерінің авторы Хайролла Абишевті біреу білсе біреу білмес! Бірақ, істеген жұмысы мен еңбегі ұшан-теңіз екені сөзсіз.

Шәкірті Ақбота Тоқтасынова екеуі Жастар жылына арнап "Жастар коллекциясын" дайындап Amsterdam Fashion Week сән апталығында барша европалықтарды таңқалдырды.

Этно-модерн стиліндегі жаңа топтамаға мықты мамандар жоғарғы баға беріп, қазақтандық дизайнерлердің еңбегін "әлемдік деңгей" деп таныды.

Енді отандық дизайнерлер де Armani мен Dollge & Gabbana-лардай әлемді киіндіруге дайын", - дейді Алпамыс Шәрімов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780359-dimaska-arnap-kiim-tikken-otandyk-dizajner-amsterdamdy-bagyndyrdy/