"Памперске де жетпейді": Рымбаева көпбалалы жанұялардың жағдайына күйінді
Опубликовано:
Астанада өрт кезінде бес қызы қаза тапқан отбасының басындағы жағдай Роза Рымбаеваның да қабырғасын қайыстырған. Халық әртісі осы оқиғадан кейін ғана аналардың мәселесі қозғалып жатқанына ашынды деп хабарлайды "Сенбілік серуен" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Менің жүрегіме ауыр алған дүнием - жақында бес баланың өртеніп кеткені. Көзіміз енді ашылып жатыр.
Бес балалы отбасыға берілетін көмек 10 мың теңге ғана. Сол 10 мыңды бес балаға бөлсеңіз, 2000 теңгеден ғана шығып тұр. 2000 теңге нені білдіреді? Оған тамақ іше ме? Киім кие ме? Өмір сүре ме?
"Ұлтымыз, ұрпағымыз" дейміз. "Қазақтың санын көбейтейік" деген әңгімені көп айтамыз.
Қандай жағдай жасалып жатыр? Біздің үкімет, басшылық қайда қарап отыр? Әлде өздерінің балалары тоқ болғасын, басқаны көрмейді ме?
Менің жүрегім ауырды. Жоқшылық көріп отырған қанша отбасы бар. 2000 теңге памперске де жетпейді", - деп ашынды Роза Рымбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының 4-і күні Астанада бір отбасының бес қызы үйден шыққан өртте қайтыс болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1780706-pamperske-de-zetpejdi-rymbaeva-kpbalaly-zanalardy-zagdajyna-kjindi/