Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағлан Әбдірайымов тұрмысы төмен отбасыға үй салып бермек (фото)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов тұрмысы төмен отбасыға үй сатып алып бермек. Әнші Алматы облысы Іле ауданында тұратын көпбалалы ананың жағдайын сұрап барған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағлан Әбдірайымов. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Бағлан Әбдірайымов. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әнші Instagram парақшасында әріптестеріне эстафета жолдап, жақсылық жасауға шақырған.

"Досым екеуміз Іле ауданы Қуат елді мекенінде бес балалы отбасыға арнайы барып келдік. Өте нашар жерде өмір сүріп жатқанын көзбен көрген жөн деп санадық. "Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Жағарға көмір, жеуге нан жоқ" деген соң, шыдамадым. Бір екі достарыма айтып едім, қолдан келген қаражатты салып жіберіпті.
Үйіп-төгіп уәде бермесекте, аздап қаражат жағын бердік. Пәтер ақысын күткендей-ақ үйдің егесі де келе қалды. Отағасы көрші елдің азаматы болған соң, елінің азаматтығын ала алмапты. Қыста көлік жуып, жазда құрылыс жұмысын істейді екен. Өзімен жолыға алмадық. Жұмыс істеп, ақша табу үшін үш - төрт күнде бір келетін көрінеді. Қазбалап сұрауға ұялдық.
Тұрмысы нашар, көпбалалы отбасы көп көрінеді. Әттең, қолдан келсе көмектескің-ақ келеді. Алдағы уақытта әкімдікке кіріп, жер сұрасақ деген ниеттеміз. Жер алған жағдайда екі бөлмелі үй тұрғызып беру ойда бар. Әуелі, Алла сосын сіз бен біз асарлатып жіберсек, баспаналы болып қалады. Балақайлар сүйкімді, пысық. Ең бастысы дендері сау. Анасы Астанада болған жағдайдан соң жалдамалы жұмыстан бас тартып, бала - шағасының қасында отыр. Екі бала мектепте оқиды. Екі баланы жергілікті балабақша тегін қабылдапты. Бесіншісі емізулі", - дейді Бағлан Әбдірайымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781407-baglan-bdirajymov-trmysy-tmen-otbasyga-j-salyp-bermek-foto/

pixel