Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызымен үйде отырады": Дәурен Айдарқұлов енді бала бағумен айналыспақшы

Опубликовано:

Екінші рет ана атанып, қызды болған Ақбота Сейтмағамбет құндақтаулы сәбиіне қарамастан жұмысқа кірісіп кеткен. Қызы Аишаны қырқынан енді шығарған актрисаның түсірілім алаңында жүргенін көрген көпшілік оған теріс пікірді қарша боратуда деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейтмағамбет өзіне түрлі сыни сөздер жазғандарға жауап қайтарды.

"Көбісі "Неге жазға дейін демалмайсың?", "Балаларың кішкентай ғой", "Тәрбиелеп, өсіріп алсай" деп жазып жатыр. Өнер адамы болғандықтан, үйде отыра алмаймыз. Бір жерде отыра алмаймыз. Бала бағып үйде отырып көрмегенбіз. Көбінесе жұмысқа шығып кеткізім келеді", - дейді актриса.

Ақботаның сөзінше, сәбидің қыз болғанын жұбайы Дәурен әуел бастан қалаған екен.

"Дәурен "Біріншіміз ұл ғой, екіншіміз қыз болса екен" деп, өзі Алладан сұрап алған. Енді таңнан-кешке дейін қызымен сол отырады үйде", - дейді Ақбота Сейтмағамбет.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қаңтарында Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұловтың шаңырағында екінші сәби өмірге келді.

Сондай-ақ актриса қызын ақпан айының ортасында қырқынан шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781482-kyzymen-jde-otyrady-duren-ajdarklov-endi-bala-bagumen-ajnalyspaksy/

pixel