RU

"Мені миллионер дейді": Сиви Махмуди өзінде пәтері жоқ екенін жайып салды

Танымал әнші Сиви Махмуди өзінің пәтерсіз екенін жасырмай айтты. Шоу-бизнес жұлдызының айтуынша, оның Алматыда баспанасы жоқ деп жазады "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Алматыда қазіргі таңда мүлде пәтерім жоқ, шыны керек. Бір пәтерім болған, оны сатып жібердім. Бәрі мені миллионер дейді ғой. Аллаға шүкір кедей де емеспіз. Қарнымыз тоқ" , - деді әнші.

Оған қоса, атышулы ару әншілерді "балқып-шалқып жүр" деп сынайтындарға жауап берді. Оның сөзінше, эстрада жұлыдздарының жұмысы аса ауыр, сол себепті тапқан табысы оны толығымен ақтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781628-meni-millioner-dejdi-sivi-mahmudi-zinde-pteri-zok-ekenin-zajyp-saldy/