Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досымжан Таңатаров қол сағатының 30 мың доллар тұратынын жайып салды

Опубликовано:

Әнші Досымжан Таңатаров 30 мың долларлық қол сағаты барын жасырмай айтып берді. Өнер иесі қымбат киімдерді айналасындағы адамдармен тең болу үшін алатынын жасырмады деп жазады "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Досымжан Таңатаров. Фото:juldyz.kz
Досымжан Таңатаров. Фото:juldyz.kz: UGC

Ұлттық нақыштағы дүниелерге құмар әншінің айтуынша, оның өзі - бренд.

"Сол бір адамдар үшін ғана танымал брендті аламын. Сол адамдар осылай санасады. Бәрін біле бермеспін. Бірақ кейбіреулерінің менің костюмімнің ішін қарап, "Ой мынау ғой" дейтіндерін көргем. Қолыңдағы сағатыңа қарайды. "Ойбай сізде осы екен ғой" дейді. Кейде арнайы бір орта үшін киім алып қоямын.
Енді 30 мың долларлық сағат бар. 5000 долларлық костюм бар. Жүз мың теңгелік туфли бар. Тура сондайдың 5 долларлық қосымша дүниесі бар. 30 мың долларлық сағат болса, соның 300 долларлық түрі болуы да мүмкін", - деп ағынан жарылды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі киімнің бағасына емес жарасымдылығына мән беретінін жеткізді.

"Жалпы күнделікті өмірде өзіме жарасымды болса, ала беремін. Ақыл айтатын жолдасым бар. Барған жерде әріңді ашатын киім болса болғаны. Киіне беремін", - дейді Досымжан Таңатаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1781691-dosymzan-taatarov-kol-sagatyny-30-my-dollar-tratynyn-zajyp-saldy/

pixel