RU

Қайрат Нұртас енді қазақ күресінен чемпиондық белбеуге таласпақ

Қайрат Нұртас енді қазақ күресінен чемпиондық белбеуге таласпақ. Тек хитмен ғана емес, өзге де отандық жұлдыздар Наурыз мейрамында қазақ күресінен "Өнер барысы" республикалық турнирінде бақ сынайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана әкімдігінің ресми парақшасындағы мәліметке сүйенсек, боз кілемде белдесетіндер қатарында Қайрат Нұртас, Абай Аязбаев, Серік Ибрагимов, Мейіржан Төребаев, Амангелді Өтешов, Асылхан Төлепов, Артур Төлепов, Аян Өтепберген, Нұрлан Мұсаев, Еркебұлан Дайыров, Әлібек Серғалиев, Нұрболат Абдуллин, Ардак Байғабыл, Ғалым Махамбетов, Ақболат Өтебай, Сырымбет Бибосынов, Хамит Ердехан бар.

Айта кетейік, ережеге сай қазақ күресіне 16-36 жастағы азаматтар қатыса алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782063-kajrat-nrtas-endi-kazak-kresinen-cempiondyk-belbeuge-talaspak/