Ерекше фотосессия жасаған Мадина Сәдуақасованың сұлулығына ел тамсанды (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова ерекше фотосессиясында жасалған суреттерімен бөлісіп, тыңдармандарын таңғалдырды. Көпшілік әншінің айрықша образына тәнті болып, оның сұлулығына тамсануда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы өзінің Instagram парақшасында жариялаған соңғы суреттері желіде қызу талқылануда.

Қызғылт түсті гүлдермен фотосессия жасаған Сәдуақасова табынушылары жылы лебіздерін жаудырған.

"Қандай әдемі, таңғалдырудан шаршамаңыз" , "Керемет образ, дәл сіз үшін лайықтап жасалған" , "Әдемісіз, сұлулығыңызда мін жоқ" , "Өте жас әрі сұлусыз. Гүлдей беріңіз", "Осы қызыл гүлдердей бола беріңіз, шоқтай жайнап" ,
"Мынадай фотосессия жасау идеясы кімде туындады екен. Өте тамаша, аса жоғары деңгейде түсірілген" , "Мадина ханым табиғи сұлулығыңызға айтар мін жоқ. Өте әдемісіз", "Сізге кез келген образ жарасады" , деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, Мадина Сәдуақасованың тағы бір фото түсірілімі елдің ыстық ықыласына бөленгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782103-erekse-fotosessia-zasagan-madina-sduakasovany-slulygyna-el-tamsandy-foto/

jitsu gif