Динара Сұлтан бесінші баласының тұсауын кесті (фото)
Опубликовано:
Осыдан тура бір жыл бұрын бесінші баласын өмірге әкелген Динара Сұлтан қуанышымен бөлісті. Отандық әнші кенже ұлы Мәдидің тұсауын кескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бес баланың анасы қуанышымен Instagram парақшасында бөлісті.
"Кеше Мәди ұлымыздың тұсаукесер тойын үй ішімізбен атап өттік. Қадамы оң болсын! Әр ата-ана "балам аман болсын" деп тілейді. Біз де сол "ең бастысы балаларымыз аман-есен өсіп, адам болып кетсінші" дейміз.
Әпкелері мен ағасы қасында. Тәрбие берер мама - папасы, әжелері әрдайым жанында. Айтпақшы, Мәди микрофон таңдады", - деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетейік, Динара Сұлтан кенжесін өткен жылы дүниеге әкелді. Бүгінде әнші жұбайымен бірге үш қыз екі ұлды тәрбиелеп отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782156-dinara-sltan-besinsi-balasyny-tsauyn-kesti-foto/