Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшаның арқасы": Жұлдыз Әбдукәрімова қызын сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Жас өнерпаздар байқауында үздік деп танылған Қайрат Нұртастың тұңғышы Сезім жұрт сынына ілікті. Көпшілік жас өрендер додасында топ жарған қыздың жетістігі ақшаның арқасында келді деп отыр. Алайда, ел арасындағы әңгімеге Жұлдыз Әбдукәрімованың айтар жауабы дайын деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Ревю
Фото: Видеодан кадр/ Ревю: Twitter

Күйсандықтың құлағында ойнаған Сезімнің жеңісімен Айдарбековтар әулеті желіде бөліскен. Алайда, жұрттың көбі дарынымен дараланған қызды құттықтаудың орнына, бірден сынауға көшіпті.

Ал Жұлдыз Әбдукәрімова осындай пікірлер әбден қытығына тигенін айтады. Ол, Алау қызының жетістігін де жұрт "сатып алдыға" теңеген дейді.

"Сатып алдыңыздар ма?", - дейді. Өте күлкілі. Себебі, мен сатып алмақ түгілі, қызымның ол жерде өнер көрсететінін білген жоқпын. Мен қазірден бастап қызыма ондай нәрсенің бар екенін көрсететін болсам, ертең болашақта одан қандай үміт күтемін?", -деді Жұлдыз.

Қайрат Нұртастың жұбайы осы іспеттес пікір жазатын адамдар бала психологиясын бұзатынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782252-aksany-arkasy-zldyz-bdukrimova-kyzyn-synagandarga-zauap-berdi/

pixel