RU

Қазақстандық әншіні Украинаға кіргізбей қойды

Қазақстанда өткен "Голос. Дети" жобасының 2017 жылғы маусымының жеңімпазы Даниил Юнді Киевтегі Борисполь әуежайынан Украинаға кіргізбей қойды деп хабарлайды Tengrinews-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: NUR.KZ
фото: NUR.KZ: Facebook

Бұл туралы әншінің ұстазы Наталья Чуракова айтып берді.

Педагогтың сөзінше, Даниил "Голос Украины - 2019" жобасының түсіріліміне шақырту алған.

Алайда Украина шекара қызметінің өкілдері Алматы – Киев бағытындағы рейс қонғаннан кейін отандық әншіні елге кіргізбей қойды.

Өйткені жас әнші 2016 жылы Крымда болған екен.

Сол уақытта Даниил балалар байқауына қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782535-kazakstandyk-nsini-ukrainaga-kirgizbej-kojdy/