Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбек Қабатов қазақтың рухын көтеру үшін домбыраны пәнін енгізуді ұсынды

Опубликовано:

Әзіл Әлемі" әзіл-ысқақ театрының негізін қалаушысы Тұрсынбек Қабатов мектепке домбыра сабағын енгізу керегін Аман Тасығанның "Talk Like" бағдарламасында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов қазақтың рухын көтеру үшін домбыраны пәнін енгізуді ұсынды
Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Әзілкештің айтуынша, билік қолында болса, ол мектеп бағдарламасындағы бірнеше сабақты алып тастап, орнына домбыра сабағын қояды екен.

"Әр қазақ қолына домбыра ұстап, отырған жерінде игігәй десе, онда тұрған не бар? Бәрі күйші болып кетсін, 18 миллион халықтан оркестр құрайық деп отырған жоқпын. Күйді ұмыттық па, дәстүрді ұмыттық па, болды. Одан кейін хикия, физикаңның түкке қажеті жоқ", - деді Тұрсынбек.

Әртістің сөзінше, домбыра пәні міндетті түрде ену керек.

"Домбыра деген - қазақ. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" деп қазақ бекер айтпаған. 45 минут ойнаса болды. Бәрбір бала сол 45 минут телефонда отырады", - деді Тұрсынбек Қабатов.

Оның сөзінше, домбыра ойнап, домбыра жарыстарына балалар қатысса, бұл еңсесі түсіп, мақсатсыз жүрген балалардың рухын көтеруге үлкен үлес қосады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782585-trsynbek-kabatov-kazakty-ruhyn-kteru-sin-dombyrany-pnin-engizudi-syndy/

pixel