Дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова Зирузаны қатаң сынға алды
Опубликовано:
Қазақстан арнасының "Беу" бағдарламасына көркемдік кеңес мүшесі ретінде келген дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова Зирузаның әнін сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама түсірілімінен үзінді Instagram-дағы qazaqstanda парақшасында жарияланған.
"Стоп! Стоп, стоп!"деп әншіні тоқтатқан Сәуле Жанпейісова бұл қылығын былай деп түсіндірді.
"Бұл ән деуге келмейді. Мұны өнер деп есептемеймін. Мынандай дүниені тыңдап отыруға менің уақытым жоқ. Мұндай дүниені мынандай жерге шығаруға мен қарсымын", - деді дәстүрлі әнші.
Осы сөздерінен кейін Сәуле Жанпейісова орнынан тұрып, кетіп қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782602-dstrli-nsi-sule-zanpejisova-ziruzany-kata-synga-aldy/