Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүшеқапты ашып, жұртқа көрсеткен тележүргізуші желіні шулатты (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде мүшеқапты ашып, "қыр-сырын" түсіндірген тележүргізушінің видеосы тарап кетті. Әсел Ергешқызы жыныстық қатынасқа түсу кезінде сақтану жолдары туралы "Жабық тақырып" бағдарламасында айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Youtube/ Жабық тақырып
Фото: Youtube/ Жабық тақырып: Instagram

Жасырын тақырыптарды талқылайтын жобада бұл жолы төсек қатынасында қалай сақтану қажеттігі туралы сөз болған.

Ал желіде тараған видеода тележүргізуші мүшеқаптың сапасына мән беру керек екенін айтыпты.

"Әдетте дәріханаға барғанда көзіңізді түсіре сұрап, оңашада қалғанда ұяла қолданатын осы бір сақтандыру құралы туралы біз толық ақпарат білмейміз. Сапасын, тіпті. Атын да оқымауымыз мүмкін. Бірақ, мамандар бұл сіздің ертеңіңіз үшін өте маңызды дейді. Кәдімгі азық-түлік дүкеніне барғанда әр тауардың құрамын, жарамдылық мерзімін қарап аласыз ғой. Бұл да солай болу керек", - дейді ол.

Бұл видеоны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Олардың бірі тележүргізушіні қостаса, екіншісі даттап шыға келген.

"Масқара, ұят", "Оның несі масқара? Көрсетсін, білсін. Балаларды дәретханаға тастаудан жақсы", "Дұрыс қой", "Басқа қозғайтын тақырып қалмады ма?", "Мүшеқап емес, тәрбиені түзеу керек", "Қарамай-ақ ашып тастады ғой" , - деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782849-msekapty-asyp-zrtka-krsetken-telezrgizusi-zelini-sulatty-video/

pixel