Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дженнифер Лопеске сүйіктісі 4,5 млн доллар тұратын сақина сыйлады

Опубликовано:

Америкалық бейсболшы Алекс Родригес қалыңдығы - голивудтық актриса, әнші Дженнифер Лопеске құны 4,5 млн доллар тұратын жүзік сыйлады деп хабарлайды Daily Mail. порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дженнифер Лопес сүйіктісінен құны 4,5 млн доллар тұратын сақина алды
Фото: cosmopolitan: Getty Images

Сақинаның бағасын Rare Carat компаниясының зергері Эджей Энанд анықтаған.

«Зергерлік бұйымдар жөніндегі сарапшыларымыз бен ғылым докторлары 20 каратты гауһар тастың құны 4,5 миллион АҚШ долларын құрайтынын атап өтті», - дейді ол.

Энандтың айтуы бойынша, бұл тек таза гауһар тастың сомасы.

«Сақинаны Алекс Родригес сыйлады ғой, ол расымен де гауһар тас болуы керек», - деп қосты сарапшы.

Дженнифер Лопес сүйіктісінен құны 4,5 млн доллар тұратын сақина алды
Фото: @arod: UGC

Ғашықтар атастырылу жайында 1 наурыз күні өздерінің Instagram парақшаларында жариялады. «Ол «иә» деді», — деп жазды бейболист әлеуметтік желідегі парақшасында. Той күні әлі жарияланған жоқ.

Лопес пен Родригес осыдан 14 жыл бұрын танысқан. Бірақ екеуінің арасындағы махаббат хикаясы тек 2017 жылдың қысында бастау алды. Жұлдызды жұп таныстықтарының бастапқы кезінен-ақ кездесе бастағанында араларында ештеңе шықпайтынын атап айтқан. Бұл актрисаның төртінші, ал спортсменнің екінші некесі болмақ. Лопес – Марк Энтониден туған егіздердің анасы. Ал, Родригестің екі қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782972-dzennifer-lopeske-sjiktisi-45-mln-dollar-tratyn-sakina-syjlady/