Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоу-бизнес арулары Наурыз қарсаңында жаппай қазақ көйлек киіп алды (фото)

Опубликовано:

Наурыз мерекесі жақындаған сайын отандық шоу-бизнес жұлдыздары да құлпыра түсуде. Қазақ эстрадасындағы әнші бикештер аталмыш мейрам қарсаңында қазақ көйлектерін қазірден бастап кие бастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Instagram желісінде шоу-бизнес өкілдерінің ұлттық киіммен түскен суреттері толастар емес. Әсіресе әнші арулар "сәукелелі сэлфиларын" бір-бірімен жарыса жүктеуде.

Қазақ көйлек киіп, наурыз мейрамын асыға күтіп жүрген танымал бикештер қатарында Мадина Сәдуақасова, Тамара Асар, Алтынай Жорабаева, Гүлнұр Оразымбетова, Роза Рымбаева, Қарақат Әбілдина және тағы да басқалары бар.

Олардың бұл кейіптерін көрген желі қолданушылары жағымды пікірлерін аямаған. Пікір білдірушілер әншілерге әрдайым қазақы нақышта киініп жүруге кеңес беруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783368-sou-biznes-arulary-nauryz-karsaynda-zappaj-kazak-kjlek-kiip-aldy-foto/

pixel