RU

Ресейлік танымал әнші көз жұмды

Ресейлік әнші Юлия Началова қайтыс болды. Бұл туралы танымал өнер иесінің пиар-қызметі хабарлады деп жазады Telegram-канал Mash каналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Юлия Началова. Фото: Instagram
Юлия Началова. Фото: Instagram: UGC

Каналдың мәліметінше, Юлия Началова өкпе мен мидың қабынуынан пайда болған жедел жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған.

Суыт хабар жайлы Юлия Началованың пиар-директоры Анна Исаева да өзінің Instagram парақшасында жазған.

"Бір сағат бұрын біздің Юлияның жүрек қағысы тоқтады", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, әнші осы жылдың наурыз айының басында ауруханаға түскен.

Айта кетейік, Юлия Началова 1981 жылы дүниеге келген. Бес жасыннан бастап өнер әлеміне қадам басқан ару 1991-1992 жылы "Утренняя звезда" телевизиялық байқауының жеңімпазы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783892-resejlik-tanymal-nsi-kz-zmdy/