Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі аузына түкірген балалар әншіні мазақ қылды (видео)

Опубликовано:

Отандық эстрада жұлдызы Төреғали Төреәлі аузына түкірген балалар әншіні мазақ қылды. "Қызық times" студиясына жиналған жеткіншектер өнер иесіне назын айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Қызық times
Фото: Видеодан кадр/ Қызық times: Facebook

Бағдарламада бой көрсеткен балақайлар әншіні күлкіге қарық қылған.

"Төреш аға, сіз менің ғана аузыма түкірдіңіз бе десем, мыналардың да аузына түкіріпсіз ғой. Түкірігіңізге адал болып жүрмейсіз бе?", "Сіз менің аузыма түкіргеннен кейін мен үйдегі атаммен ұрысып қала беретін болыппын", "Төреш аға, менде уақыт жоқ. Тез-тез аузыма түкіріп жібересіз бе, айтыс басталайын деп жатыр" деп әзілдескен олар.

Балақайлардың қалжың аралас сөздеріне риза болған Төреғали Төреәлі оларға тек сәттілік тіледі.

"Алтындарым, қазақтың қара домалақ балалары. Барлығы жұлқынып тұр. Барлығы шетінен сен тұр, мен атайын деп тұр. Тіл-көзден сақтасын сендерді, маңдайларың жарқырап, бақтарың бес елі, талаптарың таудай болып, болашақта бізден де асқан сахна саңлақтары болыңдар", -деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1783958-tregali-treli-auzyna-tkirgen-balalar-nsini-mazak-kyldy-video/

pixel