Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Қоңырбаев Аша Матаймен ажырасуына қатысты астарлы жазба қалдырды

Опубликовано:

Mysterions тобының әншісі Арман Қоңырбаев Instagram парақшасында астарлы мағынасы бар жазба қалдырған. Жары Аша Матаймен ажырасты деген қауесеттердің белең алуына байланысты бұл жазба оқырманның назарын аудартпай қоймады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Арман Қоңырбаев Аша Матаймен ажырасуына қатысты астарлы жазба қалдырды
Фото: инстаграм скриншот: UGC

Арман Қоңырбаев Instagram парақшасындағы суреттің астына "сау бол!" дегендей қол бұлғап тұрған эмоджиді қойып, жанкүйерлерін қызықтырып қойды. Оған қоса "Махаббат - таңдау емес, махаббат - бұл тағдыр" деген атақты қанатты сөзді жазып қалдырған.

Соңғы кездері Арман мен Ашаның ара-қатынасының дұрыс емес екенін аңғарған желі қолданушылары бұл жазбаның жұлдызды жұбайына арналғанын сөз етті. Айта кетейік, Арман көп ұзамай аталған жазбаны өшіріп тастаған. Әншінің бұл қылығы оқырманды одан сайын ойландырып қойды.

Жұлдызды жұптың ажырасуы жайлы қауесеттер ерлі-зайыптылардың Instagram желісінде бір-бірін өшіріп тастап, бірге түскен суреттерін жүктемей кеткеннен кейін тараған.

Аша Матай мен Mysterions тобының әндерін "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдауға болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1784016-arman-koyrbaev-asa-matajmen-azyrasuyna-katysty-astarly-zazba-kaldyrdy/

pixel