Әйгілі бразилиялық телехикаялардың актерлері қазір қайда жүр?
Опубликовано:

90 жылдары көпшіліктің көңілінен шығып, миллиондаған халықтың сүйікті телехикаясына айналған туындылар жетерлік. Әсіресе олардың арасында бразилиялық кино туындылардың орны ерекше екені баршаға мәлім. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға телехикаяларда басты рольдерді сомдаған актерлер жайлы аз-кем ақпаратты ұсынады.
Көпшілікке "Во имя любви" телехикаясындағы Бранка атты кейіпкер арқылы танылған Сюзанна Виейра бүгінде 76 жаста. Ол жетпістен асқан жасына қарамастан, әлі күнге дейін спорт залға барып, жаттығу жасайтын көрінеді.
Актриса үш рет тұрмыс құрған. Бүгінде оның Родриго Отавио есімді ұлы бар. Актрисаның өзі болса күні бүгінге дейін түрлі фильмдер мен телехикаяларды басты рольдерді сомдап жүр.

"Земля любви", "Роковое наследтство" телехикаялары арқылы танылған тағы бір актер – Антоние Фагундес. 69 жастағы өнер иесі актерлік өмірмен қош айтысып, бүгінде бар уақытын балаларына арнайтын болған.
Актер екі рет үйленіп, екі некеден төрт бала сүйген.

Көрермендерге 90 жылдардағы фильмдер арқылы есте қалған келесі бір актриса – Глория Пирес. Актриса екі рет тұрмыста болып, төрт баланы дүниеге әкелген.

"История любви", "Во имя любви" телехикаясы арқылы танымал болған Режина Дуарте болса бүгінде кино әлемінен кеткен.
Ол қазіргі таңда бразилиялық социал-демократтар партиясына еніп, өзін саясаткер ретінде сынап жүрген көрінеді. Актрисаның үш баласы бар.

90 жылдары көркімен талай қыздың жүрегін жаулап, аса танымалдылыққа ие болған актерлердің бірі – Рейнальдо Джиникинни болып табылады.
2010 жылы актер қанның қатерлі дерті ауруына шалдығып, дертті толықтай жеңіп шыққан. Ол қазіргі күні де бұрынғысынша киноға түсіп жүр.

"Тропиканка" телехикаясында басты рольдерді сомдаған Режина Дорадо да 2012 жылы 59 жасында қанның қатерлі дертінен көз жұмған. Актриса өмірінің соңғы күндеріне дейін киноға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785293-jgili-brazilialyk-telehikaalardy-akterleri-kazir-kajda-zr/