Мәдина Сәдуақасова Мейрамбек Бесбаевқа ғашық болғанын мойындады

Опубликовано:

Мәдина Сәдуақасова студент кезінде Мейрамбек Бесбаевқа ғашық болғанын ашып айтты деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәдина Сәдуақасова, Мейрамбек Бесбаев. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Мәдина Сәдуақасова, Мейрамбек Бесбаев. Фото: Әншілердің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өзінің өнер жолындағы 20 жылдың өмірін бейнебаянына арқау еткен әнші елден жасырған құпиясымен бөліскен.

Әншінің студент кезде түн ұйқысын ұрлаған жігіт - Мейрамбек Бесбаев болып шықты.

"Мәдина Сәдуақасова мысалы өзгерді. Мүлдем басқа адам. Жас студент кезде ғашық болған адамы, мына өмірде, қазіргі оның досы, әріптесі және де ешқандай сезім қалмаған", - деді әншінің өзі.

Сондай-ақ әнші қазіргі арманы қызды болу екенін де жасырмады.

"Мен армандасам, ол орындалады. Сондықтан менің армандарымның – 98 пайызы орындалды дәл қазір. Орындалмаған екі-ақ пайыз қалды . Ендігі арманым - қызды болу", - дейді Мәдина Сәдуақасова.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдина Сәдуақасованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785340-mdina-sduakasova-mejrambek-besbaevka-gasyk-bolganyn-mojyndady/