Александр Цекало алғаш рет қазақстандық әйелімен ел алдына шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Танымал ресейлік актер Александр Цекало жаңа әйелімен алғаш рет ел алдына шықты. Айта кетерлігі, жұлдыздың жүрегін жаулаған ару Қазақстан тумасы болып шыққан деп жазады "Комсомольская правдаға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: vokrug.tv
Фото: vokrug.tv: Facebook

Желіде салтанатты іс-шараға бірге келген Александр Цекало мен Дарина Эрвиннің суреттері тарап кетті.

Бұл - жас жұбайлардың ел алдына алғаш рет бірге шығуы. Анықталғандай, олар аталмыш шараға бал айынан соң келген.

БАҚ өкілдері ерлі-зайыптыларды суретке түсіріп, ғаламтор кеңістігіне жүктеп жіберген. Қос ғашық камера алдында бір-біріне деген сезімдерін жасырмаған.
Фото: vokrug.tv
Фото: vokrug.tv: Facebook

Айта кетейік, Александр Цекало өз жұбайы әрі әйгілі Вера Брежневаның сіңлісі Викториямен ажырасып кеткен. Басқа аруға ессіз ғашық болған ол отбасын тастап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785633-aleksandr-cekalo-algas-ret-kazakstandyk-jelimen-el-aldyna-sykty-foto-video/