Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аян Өтепберген мен Гүлназ Жоланованың биыл шаңырақ көтеретіні рас па?

Опубликовано:

Шоу-бизнес әлемі тағы бір серіге азаятын болды. Отандық танымал актер Аян Өтепберген биылғы жылы шаңырақ көтеретінін жеткізді деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Енді өзім де біраз жасқа келіп қалдым ғой. 26-ға келдім. Өзім баяғыда "27 жасымда үйленетін шығармын" деп армандайтынмын. Мүмкін 27-де той болып қалатын шығар.

Келер жылы емес, осы жылы. Енді мен сәуір айында 27-ге толамын ғой.

Бәрі айтады жан-жағымда. Білмеймін бүкіл Қазақстан айтатын сияқты. Рас, ол да керек нәрсе. Өзімнің де үйленгім келеді", - деп ағынан жарылды актер.

Көпшілік Гүлназ Жолановамен жұптастырып үлгерген Аян Өтепберген сүйгенінің кім екенін айтудан бас тартқан.

"Сүйіктім жайлы... Оны енді тойда көресіздер ғой", - деп жұмбақтаған актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785942-aan-tepbergen-men-glnaz-zolanovany-biyl-sayrak-kteretini-ras-pa/

pixel