Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда шпагатқа отырып билеген келіншек жұртты күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Елімізде өткен тойлардың бірінде ортаға би жарысына шығып, жұлқына секірген әйелдің видеосы желіге тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар
Фото: Видеодан кадрлар: Facebook

Бейнежазбадан келіншектің асаба шақыруымен ортаға шыққанын аңғаруға болады. Ол әуен бастала салысымен секіре билеп, шпагатқа отырған.

Ал бұл әрекетке қайран қалған асаба энергиясы көп бикешті тоқтатқан екен.

Аталған видеоны көрген желі қолданушылары күлкіге әбден қарық болды. Көңілді келіншектің әрекетін түсінбегендер оған теріс пікірлер де жазған.

"Ұят-ай", "Апам-ау", "Базар жоқ", "Оған асаба кінәлі", "Қуды" деген олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1785986-tojda-spagatka-otyryp-bilegen-kelinsek-zrtty-klkige-karyk-kyldy/

pixel