Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлына ақ тілегін айтқан Қайрат Нұртас жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Кішкентай ұлы Ханға ақ тілегін арнаған Қайрат Нұртас көпшілікті сүйсіндірді. Әнші баласын құшақтап түскен суретін Instagram желісінде жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас ұлымен түскен суретін ақ тілекпен толықтырған.

"Ең үлкен тілегім, біздің қателігіміз үшін балаларымыз жауап бермесе деймін. Баламның аяғына кірген тікенек, менің жүрегіме қадалады ғой... Алланың сүйген құлы болш, Ханым", -деп жазған ол.

Әншінің бұл жазбасын көрген желі қолданушылары жүректері елжіреп, жақсы пікірлер қалдырыпты.

"Өте дұрыс айттыңыз, қосыламын", "Балаң-бауыр етің", "Балапаның аман болсын", "Періште ғой", "Ұзақ ғұмыр берсін",- деп жазған олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786358-lyna-ak-tilegin-ajtkan-kajrat-nrtas-zrtty-zregin-elziretti/

pixel