Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарихта болмаған": Қыз ұзатуда ән айтқан Асан Пердешов қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек қыз ұзатып, көпшілікті таңғалдырған болатын. Желі қолданушылары әріптесінің бұл үрдісін әнші Асан Пердешов те қайталаған деп болжауда. Оған себеп әншінің қыз ұзатуда ән айтқан сәтінен видеоның желіде таралуы деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асан Пердешов. Фото: livemuz.kz, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Асан Пердешов. Фото: livemuz.kz, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желіде қызу талқыға түскен видео qaz.stars парақшасында жарияланған.

Видео әлеуметтік желіге жүктелген бойда желі қолданушыларының түрлі пікірін жаудырған.

"Ер адамның қыз ұзатқаны несі?", "Қызды әйел адамның ұзатқаны әдемі көрінеді ғой", "Қазақтың тарихында ер адамның қыз ұзатқаны болмаған".
"Қызды ұзатқанда жеңгесі ұзатып, беташарда екі абысыны екі иығынан сүйейді. Бұл солар сияқты еңбегі сіңіп, адал жар, аяулы ана болсын деген ойдан шыққан", "Жай ғана ән айтып тұр ғой", деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетсек, "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек қыз ұзатуға табыс көзі ретінде қарайтынын жеткізген болатын.

Ал дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов қыз ұзатқан әріптесіне қатысты пікір білдіріп, мұндай оқиғаның тарихта болмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786689-tarihta-bolmagan-kyz-zatuda-n-ajtkan-asan-perdesov-kyzu-talkyga-tsti-video/

pixel