Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ екенімді мақтан тұтамын": Кремльде сөз сөйлеген Димаш елді тебірентті (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген Кремльдегі концерті кезінде ел алдында сөз сөйлеп, барша тыңдармандарының жүрегін елжіретті. Әнші өзі үшін аса ерекше сәттің видеосын Instagram парақшасына жүктеп қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

22 және 23 наурыз күндері Мәскеудің төрінде жеке концертін берген Димаш Құдайберген табынушыларының алдында сөз сөйлеп, көпшілікті тәнті еткен. Отандық әншінің Кремльдегі өнер көрсетуін тамашалау үшін әлемнің 50 елінен жанкүйерлері келген.

Концерттің сәтті әрі жоғары деңгейде өткенін әлеуметтік желілердегі толассыз жазбалардан аңғаруға болады.

Әншінің жанкүйерлері әлі де сол керемет кештің әсерінен шыға алмай жатса керек.

Кремльдегі концерт жайлы Димаштың өзі де Instagram парақшасында видео жариялаған. Жантебірентерлік жазбада әнші қазақ және орыс халықтарына деген ыстық сезімі мен алғысын білдірді.

"Тұғыры биік ұлы қазақ халқы. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын. Біздің бауырлас орыс халқына да айтар алғысым шексіз" , - деді Димаш.

Әншінің бұл сөзінен кейін концерт өткен залдағы жанкүйерлердің барлығы қол шапалақтап, оған жылы лебізін білдірген.

Желі оқырмандары да Димаш Құдайбергеннің жетістігін жоғары бағалады. Көпшілік отандық әншіні халықтар достастығын насихаттағаны үшін мақтай түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786769-kazak-ekenimdi-maktan-ttamyn-kremlde-sz-sjlegen-dimas-eldi-tebirentti-video/

pixel