Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірге оқыдық": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайы туралы айтты

Опубликовано:

Отандық эстраданың жарық жұлдызы, хит әндердің орындаушысы Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайы туралы айтты. Әнші "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында әйелімен бір институтта оқығанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Халық еркесіне айналған Нұрболат Абдуллин бірінші рет жанұясы туралы сөз қозғады.

"Кішкентай қызым бар. Есімі Шахназ. Оны өзім қойдым", - деді ол.

Сондай-ақ, Нұрболат жұбайымен бір институтта оқығанын жеткізді.

"Мамандығы музыкант, вокалист. Біз бір институтта бірге оқығанбыз. Өз дипломымен жұмыс істеді, әлі де дені сау болса, істейді", -деген ол әйелінің сахнаға шықпайтынын түртіп өтті.

Оған қоса, әнші соңғы уақытта жұбайын өзімен алып жүруге қалай қарайтынын түсіндірді.

"Трендке еріп кетудің қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Өзімнің қағидам бар, мақсаттар, жоспарлар бар. Бұрынырақта ойдың, еңбектің барлығы шығармашылық жұмысқа бөлінетін. Қазіргі таңда отбасылық тәрбие теңесіп келе жатыр. Бұл жағдайда от анасы көбірек тәрбие беру керек" деп ойлаймын", -деді ол.

Нұрболаттың қызғаныш тудыратын бейнебаяндары жұбайын қатты алаңдатпайтын көрінеді.

"Ол қай әнге бейнебаян түсіретінімді де сұрамайды. Қызығушылық танытады, біледі. Бір жағынан, тәрбие шығар деп ойлаймын. Өнер мен өмірді шатастырып, шиеленістіруге болмайды. Бейнебаянға өмірдегідей көзқараспен қарауға болмайды. Ол халыққа ұсынылатын дүние", -деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1786810-birge-okydyk-nrbolat-abdullin-algas-ret-zbajy-turaly-ajtty/

pixel